Размер шрифта
-
+

Қанжар - стр. 6

– Сендердің солай айтатындарыңды білген соң 2 күн бұрын бәрін тексеріп қойдым. Уайымдамаңдар, бәрі дұрыс жасап тұр. Олар тіпті біздің желіге кіргенімізді білмей де қалды. – мақтанғанынан Вироника тіпті күліп те жіберді.

– Егер солай десең онда қалғандарымыз дайындала берейік. – пышақтарынан кейін Дэмиан өзінің өзге қаруларының дұрыстығын тексеруге көшті.


Жетінші бөлім: Қала

Алматы қаласы; «BLACK HOUSE» сауда – ойын кешені;

2 – ші қабаттағы жалпы отырыс орындарындағы бір орында бір – бірлеріне арттарымен қарап отырған 4 адамның кейіпі көрінеді. Олар бір – бірлерімен әңгімемен сөйлесіп отырғанын байқауға болады. Осы 4 адамнан сол бағытта 3 устел кейінгі орындықта отырған қатаң қара киімдегі әйел адамның сұлбасын байқауға болады. Ол сыбырлап бірдеңелер айтып отыр:

– Өздерің жоспардан 2 сағатқа ерте келеміз деген. Енді шыдаңдар, жарты сағаттай уақыт қалды. – өздерің түсінгендей әйел адам Лу Хао болып келеді.

– Ешқандай оқыс жағдай болмас үшін деп алдын ала келдік. Бірақ мен әлі түсіне алмаймын, неге саған ғана шығуға болады, ал қалғандарымыз неге тапырық әрі тар көліктің ішінде отыруымызға тура келеді? – Лу Хаоның құлағынан Ардоның дауысы шықты.

– Өйіткені, егер естеріңде болса, сендердің барлығың «өліп қалғансыңдар»!

– Ия, бірақ біздің Вирониканың арқасында ешқандай бейнебақылауға түспейтінімізді білесің ғой! – Ардо өз сөзінен қайтқысы келмеді.

– Бейнебақылаулар – жоқ, адамдар – я. Сондықтар тыныш отырыңдар және шуламаңдар. – Лу Хао да өз сөзінен қайтпады.

– Я, біздің түрімізді бүкіл әлем біледі ғой, тіпті егер түрімізді жасыратын болсақ та кез – келген адам танып алады! – екеуінің арасына өз сөзін Ардо да қосып жіберді.

– Тыныштала аласыңдар ма, мхм мхм, – өзінің отырған орнының артықшылығына байланысты Лу Хао өзіне сол жақтан жақындап келе жатқан адамды байқап үлгерді, – қысқасы, ауыздарыңды жабыңдар!

– Тынышталың, не үшін осында екенімізді ұмытпаңдар! – ұрыстың соңна нүктені Бекнұр қойды.

Страница 6
Продолжить чтение