Қанжар - стр. 4
Әдеттегідей бұл жолы да экранда жазба машинкасын, көптеген қаламдар мен дәптерлерді, әртүрлі ыдыс – аяқ және өзге де күнделікті өмірге қажетті заттардың өңі көрінді.
Әрине, бір адамға барлық адамдарды және аппаратуралар мен құралдарды бір рейспен тасымалдау мүмкін емес. Сол себепті әдетте тек команда мүшелерінің өздері ғана және ең керек деген заттар ғана өздеріен бірге алып жүреді.
Үшінші бөлім: Жолда
Талғар – Шілікті темір жолы; 57 – номірлі жолаушылар поездъі; Жүктер сақтайтын бөлімше;
– Ауу, кім бар? – вагонның қараңғы бұрышынан жуан дауысты адамның дауысы естілді.
– Аарх, Дәмиан, сен не, тотықұссың ба? Қалайша адамның жарты сағат бойы әрбір екі минут бойы бір сұрақты қайталап сұрай беретінін түсінсем бұйырмасын? – артынан жіңішке дауысты адамның дауысы естілді.
– Жәй ғана мен түсіне алмаймын, неге маған әрқашан мен тығылатын чемодан меннен 2 размер кіші.
– Себебі саған келгенде кез – келген чемодан 2 размерге кіші, ахаха. – ең үлкен сөмкеден Ардоның дауысы да естілді.
– Я, я, саған айту оңай, сен арамыздағы ең үлкен чемоданда жатырған жоқсың ба?!
– Доғарыңдар. Егер бізді ұстап алса, маған сенсеңдер болады, түрмеге дейін жетпейсіңдер. – Бекнұр егер бір айтса кесіп айтады.
Төртінші бөлім: Аялдама
Алматы облысы; Шілікті ауылы; № 52 – ші жалдамалы тұрғын үйі;
– Шыға берсеңдер болады. МИКМАК – ты қостым. – үйдің ішінде 4 саяхатқа арналған сөмкеге қарап отырған әйел адамның бейнесі көрінді.
– Хм – хм, егер ұмытып қалмасаң сыдырма сырттан ашылады! – әйел адамды қандай да бір сандыраққа санауға болар еді егер олардың ішінен жауап қайтпаса.
– Ой, ешқайсысың сыптырманы ішен аша алмайтындай айтасыңдар ғой. – өздерің түсінгендей осы үйдің жаңа тұрғындары – «Қанжар» қарсылық тобы.
Үйдің қараңғы бөлігінен зырылдаған дыбыс естілді, артынан 4 сөмкенің ішінен 3 ер және 1 әйел адам шықты. Үйдің ішін қараңғылық басып тұр. Сырттағы адамдар көріп қоймас үшін үйдің терезелерін жауып тастайтын.
Қазіргі таңда ең дамыған сала – тыңшылық саласы. Бүгінгі күні тұрғындарды аңду үшін түрлі – түрлі дивайстар бар: температуралық сканерлер; фото спектрометрлер; ренгендік көзілдіріктер және тағысын тағылар. Аталып кеткен МИКМАК (микро импульсті кванттық макро аудандық квазар сөзінің қысқартылған атауы) осындай құралдардың барлығының «көзіне» түспес үшін әдейі ойлап табылған қарсылық күштерінің жауабы. Егер дұрыстап қарасақ, онда әрқайсысының үстіндегі киімдерінде арнайы жасақталған микрочиптерді байқауға болады. МИКМАК белгілі – бір амплитудадағы толқын көзін генирациялайды. Топтың әрбір жасырын мүшесінің үсіндегі арнайы киімдер осы толқындардың көмегімен кез – келген дерлік электронды аппараттардан жасырына алады.