Қанжар - стр. 3
– М-м-м. Я. Арамыздағы тілдер туралы ғалымымыз сөйлеуді ұнатпайды! Бұл әлемдегі ең үлкен «әзіл» шығар!
Екінші бөлім: Жолға.
Талғар темір жол станциясы; Кіреберіс хол;
Күннің жарық сәулесінде станция алдына қара түсті «Волга» маркалы жеңіл көлік тоқтады. Көліктің нағыз түсі қара түсті болғанымен 4 есіктің біреуі сары түсті. Көлікті айдап отырған Қайрат осы көлікті өз қолымен өзге көліктердің бөлшектерінің көмегімен жөндеп алған. Жыл сайын тек Қазақстанда ғана жоқ – жоқ дегенде кемінде 1000 – нан астап көлік осылай «құрастырылады».
Көліктің сол жақтағы артқы есігі ашылып, ішінен орта жастағы әйел адам түсті. «Жүк тасып береміз», «жүк тасумен көмектесеміз» – станция айналасында арлы – берлі ұшып жүрген сиренасы бар жүк тасығыштар көп.
– Кешірім сұраймын, жүк салғыштағы заттарымды поездға апаруға кім көмектесе көмектесе алады? – өздерің түсінгендей, көліктен түскен адам – Лу Хао.
Лу Хао барлық топтың ішіндегі жалғыз ресми түрдегі тірі мүшесі болғандықтан барлық байланыс, жүріп – тұру, және тағы да басқа күнделікті жұмыстарды тек сол ғана атқара алады. Егер орын ауыстыру керек болса Лу Хао өзінің жасырын «мамандығын», жазушы – саяхатшылықты қолданады, ал команданың қалған мүшесі «жүк» ретінде тасымалданады.
– Әрине. Бірақ алдын – ала ескертеміз, әрбір килограм жүк үшін 12 балл сұраймыз. Әрине, егер қосадқы ақы төлеймін десеңіз бәрін жоғары дәрежеде жасаймыз. – адамдардың ішінен алақ – жұлақ киінген жасы 45 – 50 жыл шамасындағы ер адам келді.
– Қажеті жоқ, жәй ғана апарып берсеңіз болды. – Лу Хао жүк тасушыға ақшасын беріп, есік жаққа қарай жол алды.
Жүк тасығыштардың ішінен бірнешеуі ұшып келді. Олардың барлығында орнатылған таразысы бар. Жүк салғыштан 2 және көліктің үстінгі секциясынан 3 саяхатқа арналған сөмке алынды. Бұндай көп жүктің болуын Лу Хао өзінің мамандығында қолданатын құралының көне дәрежелі жазба машинкасы (неге нақты сондай құрал деп сұраса ондай машинканы бұзып алуға болмайтындығымен түіндіреді) және барлық мағлұматтар мен жазбаша материалдардың қағаз бетінде болуымен түсіндіреді.
Кез – келген пунктерде сияқты олардың кіріп келген странцияда көптеген процесстер мен еңбек күштері автоматизацияланған. Кіре беріс есік өздігінен ашылды. Талондар мен билеттер автоматты түрде арнайы диваистардың көмегіен тексеріледі. Лу Хао өзінің электронды билетін скрибо арқылы тексертті. Бүгінгі таңда скрибо телефондар мен смартфондарды диваистық тақтан «ысырып» тастады.
Жүк тасығыштан заттарды механикалық қолдар конвейірдің үстіне қойды. Қазіргі таңда әрбір станциялар мен қақпаларда кіріп – шығатын адамдар мен олардың жүктерін тексеруші сканерлеуші аппараттар орнатылған. Осындай аппараттардан өздерін жасыру үшін жасырын соққы күштері металдарды арнайы технологияның көмегімен белгілі пропорциялармен біріктіру арқылы жаңа алдамшы құйманы ойлап тапқан болатын. Құйма сканерлеуші аппаратқа олардмен қапталған жол дорбаларының ішінде «жүктелген» заттардың бар екендігін көрсетеді.