Размер шрифта
-
+

Қанжар - стр. 2

– Егер сен біраз уақыт бұрын келсең неге бүгін жолға шыға алмайтынымызды білер едің. – Ардо жалдамалы кісі өлтірушілердің ішіндегі ең үздіктерінің бірі болған. Соққы күшінің ең шулысы болуымен қатар қаншалықты қарама – қарсы естілседе, оның ішіндегі ең «тыныш» мүшесі.

– Не болып қалды, ауа-райы қолайсыз ба? – Лу Хао қытайдағы ең үздік қоян – қолтық және жекпе – жек қырылыс өнерін үйрететін мектептерінің алдыңғы қатарлы шәкірттерінің бірі болған, енді команданың жеке азпазшысы сонымен қатар топтың ішіндегі «жалғыз» тірі жан.

– Солай деп айтуға болады. 46-шы мөлшері түріндегі жауын – шашын жауды.

– Не..? А-а, мен түсінген сияқтымын, сендер мағлұматтық қорап жайында айтып жатырсыңдар ма? Сендер кеше түнде бәрің ес – түссіз талып ұйықтап қалған кездеріңде мен жолға заттарды жинап жатқан кезде бірге жинап тастағанмын. Егер сендер 5 секунд болсада кішкене көңіл бөлсеңдер мағлұматтық қораптың басқаша екенін байқар едіңдер. Сендер айтқандарыңдай соңғы уақыттарда ұйқының жетіспеушілігіне байланысты психалогиялық энергияларың өте төмен деңгейде болғанымен менікі бірқалыпты екенін ұмытпаңдар. Сондықтанда мен соңғы күннің алдында барлық дайындықтарды алдын- ала дайындап тастайын дегенмін. – осы кезде Лу Хао жерде жатқан қоқыстардың арасынан дискеттің сынған бөлшектерін көреді.

– Саған қаншанғы айтам, мағлұматтық қорап өте ұзақ оның үстңне қолайсыз, дискет деп айт, ДИС.. Тоқта, сен не дедің? Жинап тастадым дедің бе? Демек дискет сау ма? Неге ертерек айтпадың?! Менің бостан – босқа өліп қалған жүйке – жүйе жасушаларым-ай!

– Егер байқамасаңдар, мен енді ғана ұйқыға кеттім, ал сендер енді оянып жатырсыңдар. Онымен қоса ұйқысыздық сендердің көру қабілеттеріңді соншама нашарлатады деп ойламаппын, әйтпесе не дискеттің басқаша екендігін байқамауларыңның себебін мен түсіндіріп бере алмаймын.

– Егер бәрің оянсаңдар мен ұйықтап алам. 2 сағаттан кейін шығамыз. Оған дейін мені оятпаңдар – осы кезде екі аяғын устел үстіне қойып бетінде қалпақ жабылып шалқайып отырған Бекнұрдың дауысы естілген болатын.

– Тоқта, сен не, Лу Хао заттарды жинап тастағанын білдің бе, және біле тұра үндемей отыра бердің бе???

– Егер ұмытпасаңдар, қаіпсіздік ережесі бойынша қарауылда кем дегенде екі адам қалу керек. Лу Хаомен 2 адам болады. Оның үстіне меннен ешкім ештеңе сұрамады. Ал енді мен ұйықтаймын. Мені 2 сағаттан кейін оятыңдар. Содан кейін 3 минуттан кейін жолға шығамыз. – Бекнұрдың аз сөйлейтініне байланысты оның 32 тіл білетін әлемдегі ең мықты полиглоттардың бірі болуымен қатар денесіне қарап 5 докторлық дәрежесі бар ғаламшардың «миының» бірі деп айтуға болмас.

Страница 2