Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - стр. 42
Ақыры Жәкең мектеп бітірді. Бірақ кім болатынын, қайда оқуға баруы керек екенін толық білмейтін. Университет деген сөздің мағынасын, біздің мектепте тарих пәнінен сабақ беретін Сәрсенаебав деген егделеу мұғалімнен сұрап алған. Бұл кісінің айтуынша, университет деген сөз «универсал» деген сөзге жақындау болуы керек. Осы кезде Жәкеңнің қолына бір газет түсіп, осы газетте Қазақтың Мемлекеттік университетінде философия факультеті ашылып, осы факультет ғылыми қызметкерлер дайындайды деген хабарландыруды оқиды. Жәкеңе «ғылыми қызметкер дайындайды» – деген сөздер ұнап, Жәкең философ боламын деп шыға келгені. Өзі философия деген сөзді білмейді, бірақ мұғалім Сарсенбаев: Аристотель, Маркс, Абай т.б. данышпандар философ болған деп мысалдар келтіреді. Жәкеңе, әсіресе, Абай философ болған деген сөздер ұнайды. Ол кезде қазақтың кәрісі де, жасы да Абайды біледі, мақтаныш тұтады.
Тағы да бір қызық нәрсе. Бір күні Жәкең түс көреді. Түсінде Абайды көреді. Абай бабамыз айтады екен: «Ел ойлайды, менің барлық кітаптарымды білеміз деп. Олай емес. Менің әлі де ел білмейтін кітаптарым бар» – деп қолында шамы бар Абай бабамыз Жәкеңе кейбір кітаптарын көрсеткен екен. Бұл түс, әрине, жақсылыққа жорылғаны айтпаса да түсінікті.
Осы 1949 жылы июль айында, Жәкең Алматыға оқуға кетті. Район орталығынан Семейге дейін пароход жүретін, ал Семейден Алматыға поезбен кетуге болады.
Район орталығы біздің колхоздан қырық шақырым жерде болатын. Шығарып салуға әкем екеуміз бардық. Район орталығына жеттік, бір көшеге жеткенде, әкем: «Чемоданыңды ал, арбадан түс» – дегені. Жәкең түсті. Бір үйге тоқтамай, пароходқа шығарып салмай, тек қана «Қош» деп, әкеміз арбаны ауылға қарай бірден бұрып жүріп кеттік. Мен шыдай алмай жылап жіберген екенмін. Сөйтіп, Жәкең Алматыға кете барды.
Бір айдан артық уақыт өтті. Жәкеңнен хабар жоқ. Әке- шешеміз қысыла бастады. Бір күні: «Жив здоров, поступил в КазГУ» – деп жазылған телеграмма келді. Мәре-сәре болдық та қалдық. Енді Жәкеңнің жаңа өмірі, студенттік өмірі басталып кетті.
КАРТИНКИ ИЗ ЖИЗНИ СТАРШЕГО БРАТА
Мейрхан АБДИЛЬДИН
Я помню своего старшего брата Жаке с четырех лет. Это – где-то 1942-й год. Разница между нами – 5 лет. Помню также мальчика Ерсайына лет семи и бабушку – мать отца. А вот облик своей родной матери тех времен не помню. Отец же был на фронте. Жили мы на каком-то острове, образованном рекой Иртышем, и ее протокой. Вокруг – высокий, густой лес. Наша землянка была сложена из дерна, и на ее крышу можно было добраться без видимых усилий, без лестницы, даже такому маленькому мальчику, как я. Для света в землянке было оставлено одно окно, точнее проем без стекла. Поэтому наше жилье прозвали «дом-циклоп». Кругом было дико, первозданно. Процветали без всякого преувеличения мы – три мальчика. Нет никакой опеки, свобода, делай, что хочешь. Ощущение такое, какое бывает, наверное, у мальчи- ков индейцев.