Размер шрифта
-
+

Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - стр. 12

Қазақстандағы «Теориялық физика және жылу физика- сы» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғайтын арнаулы ғылыми кеңестің бірінші төрағасы болдым. ҚазМУ-дың жанындағы біріншілер қатарында ашылған «Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтын» құрастырғандардың бірімін. Ресейдің гравитациялық ассоциациясының мүшесімін. Ресейдің 9-шы (Новогород, 1996), 10-шы (Владимир, 1999) гравитациялық конференцияларының ұйымдастыру комитетінің мүшесімін және 2-ші халықаралық «Өрістің кванттық теорияы және гравитация» (Томск, 1997) деген конференцияларының, салыстырмалық теориясы мен гравитацияға арналған (Иерусалим, 1997; Рим, 2000; Рио-де-Жанейро, 2003; Берлин, 2006) халықаралық конференциялардың координациялық комитеттерінің мүшесі болдым.

Біздің ғылымда жеткен жетістіктеріміз жайлы америка ғалымы А.Траутманның (Успехи физических наук, АН СССР, 89 том, 1 шығарылым, 1966 май, 30 бет) жалпы салыстырмалық теориясының 50 жылдығына байланысты айтқан пікірі бар. Біз туралы А. Эйнштейннің 100-жылдығына байланысты Берлинде болған конференцияда да айтылған (Проблемы физики, М.: Мир, 1982, 150 бет). Біздің ғылым жолында алған нәтижелеріміз жалпы салыстырмалық теорияға арналған 15-ші халықаралық конференциясының материалдарында бар (Пуна, Индия, 1997).

Теориялық физикадан 10 ғылым кандидатын дайындадым. Соның біреуі (Чечин Л.М.) кейін докторлық диссертация қорғады.

Сөз соңында, маған өмірімде қол ұшын берген, қызметте бірге болып, сыйласқан, пікірлес болған асыл азаматтары ҚазҰУ-дың А.З. Закарин және Ө.А. Жолдасбеков деген екі ректорын еске түсіріп отырмын. Осы жерде менің ескі досым Г.Г. Гладышевтың, қызым Әсияның, әйелім Р.З. Бурнашеваның маған өмір жолында, ғылым жолында тірек болғандарын айта кетуім керек.

Қазір Халықаралық Творчество Академиясының акаде- мигімін (Мәскеу, 1992), Халықаралық Жоғары мектеп Ғылым Академиясының құрметті академигімін (Мәскеу, 1992) және Халықаралық Ғылым Академиясының академигімін (Ресей секциясы, 1998).

Фраңцуз ағартушысы Вольтер: «Мемлекет ақшаның жоқтығынан емес, ғылым мен дарынды адамдардың жоқтығынан әлсіз болады» деген екен. Менің Отанымда ғылым да, дарынды адамдар да болса екен деймін.

АВТОБИОГРАФИЧЕСКИЙ ОЧЕРК

Мои предки и родители – из Майского района Павлодарской области. Во времена «великой конфискации» 1928 года и голода 1932 года они спасались в России. Там, в селе Загайново Троицкого района Алтайского края 16 марта 1938 года и родился я.

По словам отца, самым замечательным человеком в нашем роду был его отец, мой дед Абдильда. Он так любил своего отца и гордился им, что волей-неволей и нам внушил любовь к деду, хотя, увы, мы не видели его, ибо он умер в 1933 году 56 лет от роду. По словам отца вся умственная способность, особенно гуманитарная способность, ораторские наклонности в роду идут от деда.

Страница 12