Размер шрифта
-
+

Ислам модернизациясы. 1 Бөлім - стр. 21

Қазіргі заманда əйел өз денесін əшкерелеуге, сыпайылық шапанын шешуге ұялмайды, дегенмен əйел мінезіндегі табиғи, туа біткен қасиет, дəл туа біткен, ар-ұят екенін ұмытпаған жөн – Алла Тағала осылай жаратқан. Ислам діні əйел бойындағы осы қасиетті сақтауға жəне дамытуға шақырады. Мұхаммед Пайғамбар ұят иманның бір бөлігі деп атаған. Ал ілгерілеу, ағартушылық сияқты ұғымдарды ұятсыздықпен, мінез-құлық мəдениетінің жоқтығымен шатастырмау керек. Қазіргі тұтыну қоғамы құмарлықтарды жоғарылатып, өзінің төменгі күнəкар қажеттіліктерін БАҚ, журналдар жəне кино арқылы қанағаттандыруды қалыпты деңгейге жеткізді. Күнəны насихаттау өте тартымды болды, осы тартымды жəне əдемі сөздердің барлығын иманға (сенімге) қабылдамау керек.

Жалпы азғырулар (уасуастар), күйзеліс эпидемиясын тудырады. Олар инфекциялар сияқты, алайда олар дененің өлімінен гөрі дін үшін əлдеқайда қауіпті, Исламды бұзады. Пайғамбарымыз Мұхаммед үмметін фитнадан сақтандырып, жақсы істерімен қиыншылықтардан аулақ болуға шақырды.

Қазіргі адамзат қоғамы көптеген азғыруларға ұшырайды жəне күнə алғаш пайда болған сəтте жас муминнің күнəдан бас тартуға күші мен даналығы жету қажет. Уақыт өте келе олардың кейбіреулерінің жүректері күнəға жұмсалады, содан кейін жаңа азғыру пайда болады жəне бұл келесісі бұрынғысынан да ауыр болады. Азғыруға ұшырамайтын адам болмайды. Бастысы кез келген сынақ жіберілген сəтте адам шыдамдылық пен табандылық көрсетуі керек.

Фитна муминді əлсіретпеуі керек: Алланың құлы тақуа болуы керек, азғыруларға алданып, арбауға берілмеуі керек. Алланың діні Ислам уақыт бойы негізгі түп тамыры өзгеріссіз келеді, сол себепті Ислам Алланың құлының өмірінде мəңгілік айқын бағдары болып қала береді.

Нағыз Мумин жасырын жəне ашық күнəлардан қорғана біледі, құлдарын тозақ азабынан құтқару жəне азғыруларға қарсы сынаққа төтеп беруге көмектесу үшін үнемі дұғамен Аллаһқа жүгінеді.

Ислам – муминнің бүкіл болмысының қорғаны, дүние тіршілігінің құрылымындағы бағдар жəне фитнадан шығудың жəне болашақтағы жақсы өмірінің кепілі. Дүние тіршілігінде де, өлім сəтінде де муминді жамандықтан, яғни фитнадан ізгі амалдар мен сабрлық ғана құтқарады. Исламдағы фитна – мұсылманның дұғасы, Алладан тозақтан құтылуын сұрайтын дұғасы.

Алла Тағала Қасиетті кітабында муминдерді күнəһарлармен қатар қоймауға, олар сияқты болмауға шақырады. Исламда адамға қажетті, пайдалы нəрсенің бəрі бар, басқа мəдениет ұсынатын нəрселерге алданбау керек. Құран, Мұхаммед пайғамбардың сүннеті барлық сұрақтарға жауап береді, дұрыс жолды көрсетеді жəне мұсылман өміріндегі фитнадан аулақ болуға көмектесетін АҚИҚАТТЫҢ қайнар көзі.

Страница 21