Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - стр. 3
Біз өмірден (ортадан) тек ақылмен қабылдай алатын ақпаратты ғана ала аламыз. Бір адам дүние өзенінен ризық-нығметтерді (байлық, танымалдылық, атақ, мүлік, билік) шай қасықпен, ал екіншісі кесемен алады. Үшіншісі шелекпен, ал төртіншісі бөшкелеп алады (ұят жоқ). Сонымен қатар, өзеннің мол сулары əрқашан кез-келген адамның иелігінде болған болатын жəне бола береді. Біздің сана-сезіміміз, ой-пікіріміз, құндылықтарымыз, қағидаттық (установка) ұстанымымыз жəне сенім жүйеміз өмірлік игіліктерді қандай мөлшерде алатынымызды анықтайды. Егер сіз қайырсыз, берекесіз ойласаңыз жəне өмір өзеніне шай қасықпен келе берсеңіз, онда сіз күндеріңіздің соңына дейін барыңызға қанағат етуге тура келеді. Сіз ендеше өмірдің (дүниенің) көп пайдасын, бағын, қызығын көргендерді қызғанудан, оларға қызығудан басқа амалыңыз жоқ. Есіңізде болсын: ішкі (себеп) жан дүниеңіз қандай болса сыртқы (салдар) орта айналаңыз сондай болады. Өмір өзені мəңгі ағып жатыр, оның сулары əрқашан мол. Кез-келген минутта біз оған шай қасықпен, кесемен, шелекпен немесе бөшкемен бара аламыз. Бізді шектейтін жалғыз нəрсе – бұл біздің ойлау (ойлану) қабілетіміз, сенім жүйеміз. Егер біз өзімізді лайықсыз, керексіз, жарамсыз деп өз-өзімізді гипноздауды, сендіруді доғарсақ, біз өзіміз қалаған нəрсені ала аламыз, арман, мақсатқа жете аламыз. Бірақ біздің қалау-ниетіміз түбінде қайырлы, берекелі болатындығына ешкім кепілдік бере алмайды, егер де біздің сеніміміз бен түсінігіміз жалған болса.
СЕНІМ БІЗГЕ ҚАЛАЙ КЕДЕРГІ БОЛАДЫ
Өмір бойы əрқайсымыз белгілі бір білім мен тəжірибе жинақтаймыз жəне сол жинап тергеніміздің негізінде біз өзіміз жайлы, басқа адамдар жайлы, жалпы өмір туралы, Құдай туралы екі маңызды ұғымды – сенім мен түсінікті қалыптастырамыз. Бала кезде сенім мен түсініктің, шын немесе жалған екендігі бізге маңызды болған емес, өйткені біз оған сендік, орта талабы сондай болды жəне олар өсе келе біздің шындыққа (өмірлік ұстанымға) айналды. Біз бала кезден жан құмарымен бәрін білгіміз келді және 5 сезім мүшесі арқылы (хауас салим) қоршаған ортадағы ақпараттың құлы болдық. Яғни біздің сенім мен түсінікті қалыптастыратын айналадағы қоршаған орта, ғылыми тілмен Эпигенетика. Адамның тағдыры текті тұқымына ғана емес, тұқымынан да жоғары дүниеге (ортаға) байланысты. Уақыт пен заманға байланысты. Олар қандай болса, сіз де сондайсыз.
Есіңізде болсын: ішкі сөзсіз (ой) сыртқы сөз (тіл) шықпайды. Біз үнемі не айтып отырсақ (монолог болсын, өзіңмен сөйлесу, диалог болсын өзгемен сөйлесу), яғни не ойлап отырсақ, ол біздің шынайы бейнемізді, өзіміз жайлы ой-пікір, көзқарасымызды анықтап береді. Өзіңізді жəне басқаларды бір нəрсеге қабілетсіз екендігіне сендіре бастаңыз, сайып келгенде, бəрі оған сенеді («Құлдық Сана»). Көп елдерде осындай тендецияны байқауға болады, «Құлдық Сананы» қалыптастыру бағыты бойынша.