Размер шрифта
-
+

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - стр. 5

Бізге еш қатысы жоқ адамдардың сенімін сіңіру, түсінігін қабылдау ақыр соңында құлдыққа алып келеді. Өкінішке орай, біздің айналамыздағы, ортамыздағы адамдар көбіне бұрыс, қате жалған сенім мен түсінік қалыптастырған. Жалпы теріс, жағымсыз, негативті орта адамның өзін-өзі жүзеге асыруына жетістікке жетуіне кедергі келтіреді, бізді шектейді. Екі өмір бақытының біріншісінен ұтылуға себеп болып жатады.

Əділдік болмаса сенім де болмайды. Қоғамда әділдік орнату үшін, бірінші адам әділдікті іште орнатуы керек. Құр бос сөз адамды ақиқатқа сендірмейді.

ҚАТЕ ТҮСІНІКТЕРДЕН АРЫЛЫҢЫЗ

Бақыт = сенімділік пен әрекет (жоғарылату) / қателіктер мен кемшіліктер (азайту)

Адам дүниелік ж/е ақыреттік жетістікке, жеңіске жету мүмкіндігі сенімділіктің жоғарылауына не қате, бұрыс сенім мен түсініктен бас тартуға дайын болуына байланысты. Ауру, кедейлік, сəтсіздік – мұның бəрі өзіне деген сенімсіздіктің, шектеулі мүмкіндіктер мен қабілеттерге деген сенімнің нəтижесі. Ең өкініштісі, біз кейбір жағдайларда өмірдің ақиқат қалағанындай емес екенін түсінген кезде де өмірімізді өзгертуден, жақсартудан қорқамыз, себебі жалған сенім мен түсінік терең орнығып алған. Мысалы сіз бұл кітапты соңына дейін оқи алмасаңыз, сіз өз шындығыңызды өзгертуден қорқасыз деген сөз, сіз өзіңізден басқа ақиқат бар екенін мойындағыңыз келмейді деген сөз.

Біз психологиялық жайлы, қолайлы, ыңғайлы аймақты іздейміз, ол біз үшін қаншалықты жойқын болса да, себебі біз салдарын білмейміз. Ең бастысы, проблемалар мен өзіңіз, өзге, өмір, Құдай туралы қате түсініктерден арылудың жалғыз жолы – біз үшін ыңғайсыз, жағымсыз болған шындық пен ақиқатты мойындау. Ақиқатты жасыру, өзің жайлы шындықтан қашу құлдық пен тәуелділіктің себебі. Ақиқат үгіт-насихатталуы керек, ал өзіңіз жайлы шындықты жасырмауыңыз керек, ол бəрібір ақыретте аян болады. Ақиқат пен шындықтан қашудың орнына өзіңізбен айналысу, жұмыс істеу керек. Ең бастысы дұрыс иман келтіру. Ол жан мен тәннің үйлесімін (балансын) реттеу. Яғни дүние мен ақыретті қатар ұстау.

Біздің бостандығымыздың деңгейі шындық пен ақиқатты жасыру немесе одан қашып жүруге тікелей байланысты.

1) Біз өзімізді алдауды тоқтатуымыз керек, қиын жағдайға тап болдық па, мойындау керек, өтірік маска тағудың қажеті жоқ.

2) Басқаларды өз қиындықтарымыз бен қателіктеріміз үшін кінəламауымыз керек.

3) Жағымсыз, теріс, негативті шешімдер мен таңдаулардан аулақ болуымыз керек.

4) Біздің сеніміміз қате болуы мүмкін екенін жəне олар біздің барлық қиындықтарымыз бен проблемаларымызға СЕБЕП екенін мойындауымыз керек.

Страница 5