Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - стр. 29
СІҢІРГЕН ЕҢБЕК ПЕН ЖҰМСАЛҒАН УАҚЫТ АҚТАЛАДЫ
Өзімізден, басқа адамдардан, қандай да бір кітаптан, ең бастысы Жаратушыдан белгілі бір нəтиже күте отырып, біз оны міндетті түрде аламыз. Дəл осылай болатынына алдын-ала сенімді бола отырып, біз белгілі бір жағдайларды (амал-əрекет) жасай бастаймыз немесе үміттерімізді растайтын белгілі бір ақпаратты игере бастаймыз. Жəне олар сөзсіз ақталады. Мұны «ақталу принципі» деп атайды. Енді сіз ішкі диалогтың көмегімен, өзіңіз туралы қалыптасқан ой-пікірді нығайта аласыз жəне оны жақсы немесе нашар жаққа өзгерте аласыз. Таңдау сізде!
«ӨЗ-ӨЗІН СЕНДІРУ» ТҰЙЫҚ ШЕҢБЕРІ
Өзіміздің «Мен» бейнесі (өзім жайлы ой-пікір) біздің əрекеттеріміздің нəтижесіне əсер етеді. Біз əрқашан өзіміз туралы сенім мен түсінікке сəйкес əрекет етеміз. Біз басқаша əрекет ете алмаймыз. Сізге тырысуға болады, бірақ сіз бейсанада қалыптасқан шындықты жеңу үшін көп күш салуыңыз керек. Біз автоматты түрде бейсанада көрсетілген «Мен» əрекеттерін жасаймыз. Бұл өз кезегінде ішкі диалогтың нəтижесі. Ішкі диалог арқылы адам, өз-өзін сендіруден түсінік қалыптастырады. Біз автоматты түрде бейсанаға сəйкес əрекет етеміз, тіпті өз əрекеттеріміздің салдары туралы ойламаймыз. Содан кейін біз бұл əрекетті ішімізде өзімізбен өзіміз талқылай бастаймыз. «Мен дұрыс істедім» немесе «Негізі бар ғой ше… Мен дұрыс істемедім» деп өзіміз туралы ой-пікірді одан да жарқын етіп бекітеміз. Осындай қысқа ойлар (ішкі сөз) арқылы адам өз-өзін сендіреді. Ал енді тұйық шеңбер қалай қалыптасады:
1) «Мен не істеу керек екенін өзім білемін жəне үйретпей-ақ қойыңдар»
2) «Маған басқаның бағасы да, сыны да керек емес»
3) «Мен өз-өзіммен сөйлесетін жынды адам емеспін»
4) «Менің өзіме деген көзқарасым әрқашан дұрыс»
5) «Мен ешқашан сәтсіздікке ұшырамаймын»
6) «Мен кітап оқығым келмейді, маған жұмыс істеп отбасын асырау керек»
Бұл адамның басқаларға айтатын сөзі, яғни сыртқы ортамен қарым-қатынас, ал сол адамның өзіне айтатын сөзі, яғни ішкі қарым-қатынас мүлдем басқаша:
1) «Мен жасай алмадым, қолымнан келмеді»
2) «Әрдайым осылай қателесе беремін»
3) «Неге ештеңе өзгермейді»
4) «Неге менде ғана проблема бар»
5) «Мен қайтадан сəтсіздікке ұшырадым»
6) «Мен шаршадым, ажырасуым керек»
Өзінің немесе өзгенің үміттерін ақтамау арқылы көптеген адамдар бейсанада теріс тəжірибені жинақтайды. Содан кейін мұндай мəлімдемелер оң нəтиже бермейді, керісінше біздің өзімізге деген теріс көзқарасымызды арттырады. Біз өз үміттерімізді тағы бір рет ақтауымыз керек. Үміт ақтау проблема емес, өзіңмен айналысқың келмеу, кітап оқығың келмеу, ойланбау проблема.