Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - стр. 28
БАРЛЫҒЫ ІШКІ ДИАЛОГТАН БАСТАЛАДЫ
Біз үнемі ішкі диалогты жүргіземіз. Сырттан келген ақпаратты көреміз жəне естиміз, одан кейін сол туралы ойланамыз, сосын өзіміз бен өзіміз талқылаймыз.
Қабылдау (ауызша, бейнелі) <Ойлану <эмоционалды реакция = Ішкі диалог = сенім мен түсінік
Бұл процесс ойлаудың үш түрін біріктіреді: ауызша, бейнелі жəне эмоционалды. Сөздер белгілі бір ақыл-ой бейнелерімен байланысты, ал олар өз кезегінде эмоционалды реакцияны тудырады, осылайша ішкі диалог біздің өзіміз туралы сенім мен түсінігімізді қалыптастырады немесе өзгертеді.
«Мен» бейнесі (сенім+түсінік) ортаға байланысты, бала кезінен бастап, бейсанада сақталған. Ойлардан, пікірлерден, қарым-қатынастардан қалыптасады. Ол біздің ойлауымыз бен мінез-құлқымызды басқарады. Қиялда қандай да бір жағдайды суреттей отырып, біз бұл бейнені бейсанада сақтаймыз жəне одан құтылу туралы саналы шешім қабылдағанға дейін оны ұстаймыз. Егер сіз өзіңіздің ойларыңызды өзгерткіңіз келсе, онда сіз ішкі диалог пен визуализацияны жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыруға көмектесетін жаңа «сенім мен түсінік» жасау құралы ретінде пайдалана аласыз.
Кез-келген маңызды жəне ұзақ мерзімді өзгеріс алдымен ақылда (аффирмация) немесе қиялда (визуализация) болады, содан кейін іс жүзінде жүзеге асырылады. Сіздің кез-келген тұжырымыңыз бейсанаға əсер етеді, сондықтан өзіңіз туралы не айтатыныңызды мұқият қадағалаңыз. Есіңізде болсын, өзі туралы ой-пікір біреудің емес, өзіңіздің ой (сөз) негізінде қалыптасады. Орта əсер еткенмен кінəлі емес, соңғы нүктені (амал-əрекет) әрдайым өзіңіз қоясыз.
БЕЙСАНА АЙЫРМАШЫЛЫҚТЫ СЕЗБЕЙДІ
Көп нəрсе сіздің өзіңіздің «Мен» бейнеңіздің (өзіңіз жайлы ой-пікірдің) оң, позитивті немесе теріс, негативті болуына байланысты, өйткені бейсана үшін бұл жалғыз шындық. Бейсана ақпаратты әділ шындық пен ақиқатқа сəйкес келмесе де, барлығын шындық ретінде қабылдай береді. Мысалы, анаңыз сізге «ақымақ, топас» деп айтты жəне бұл сөздер сіздің жадыңызда қалды. Сізді «ақымақ, топас» деп атай берген сайын, Бейсана үшін бұл тəжірибе қайта-қайта қайталанады, өйткені ол нақты шындық пен қиялдағы өтіріктің арасындағы айырмашылықты сезбейді. Рас/Өтірікті айыра алмайды. Әрине сіздің ақылыңыз анаңызға қарсылық таныта алады, бірақ бәрібір жаман сөздер қайталана берген сайын сіз үйден кеткіңіз келеді. Бейсананы жаман, жағымсыз, теріс, негативті сөздерді есте сақтамауға, жүрекке алмауға үйретуге болады.
Сіз бір ойды (ішкі сөзді) үнемі, қайта-қайта еске түсіре берген сайын бейсана сол ойды (ішкі сөзді) тереңірек бекітеді жəне сізде басым сенім мен түсінік қалыптасады, бұл жағдайда «мен ақымақпын, топаспын». Бұл ойлар жиналып, біртіндеп өмірлік ұстаным жүйесіне енеді, содан кейін олар біздің дұрыс деп шешкен əрекеттерімізді анықтай бастайды. Адам басына қуаныш пен қайғы-мұңды осылай шақырады. Пәлені шақыру да, бақытты болу да өте оңай. Кейде оған бір ауыз сөз жеткілікті.