Размер шрифта
-
+

Бақыт жолы - стр. 41

Ал енді қорытындылайық. Жұбату, мәселесінің маңыздылығын кеміту, жанашырлық таныту және сендіру адамға 100% көмектеспейді. Яғни, олар эмоционалдық күйіңізді аздап жеңілдеткенмен, жан азабынан арылта алмайды. Біз бұл әдістерді пайдалану қателік екенін және пейнхантингте мүлдем қолданылмауы тиіс екенін білдік. Олай болса жан жарасынан 100% арылуға не көмектеседі? Бұл орайда жақындарыңызға көмектесуді қатты қалағандықтан, не істей аласыз?

1.11 тарау. ҚЖ әдісі – жан ауруын қалай біржола жоюға болады

Сонымен, бізде негіздер бар. Біз жұбаныш, жанашырлық пен кеңестер жан азабынан арылуға көмектеспейтінін түсіндік. Кез келген жағымсыз оқиғада, жағымсыз өзгерістер төрт векторда: денеде, эмоцияда, ойда, есте сақтауда қатар болатынын және олардың жадымызда терең із қалдырып, ешқайда жоғалып кетпейтінін түсіндік. Біздің түпсанамыз бір кездері өзіміз жалдап, үйретіп, белгілі бір функцияларды тапсырып, кейін қараусыз қалдырған бағынышты қызметшілерден тұратын үлкен корпорация тәрізді екенін білдік. Сондай-ақ біз бұл бағынышты жұмысшылар өз функцияларын қажетсіз жағдайда да, қыңырлықпен орындай беретінін түсіндік. Біз бұл бағынышты қызметшілерді қауіпсіздік және даму қызметтері деп бөлуге болатынын және біздің барлық проблемаларымыз, қиындық болмауы керек жерден, қауіпсіздік қызметінің ақымақ жұмысының кесірінен туындайтынын түсіндік.

Ал енді корпорация, қажетсіз команданы орындайтын осы бағынышты қызметшілердің пайдасыз, тіпті зиянды әрекеттерінен зардап шекпеуі үшін, не істеуіміз керектігін қарастырайық.

Мүмкін, не істеу керектігін түсініп те қойған боларсыз. Дұрыс шешімі – сол қиындық тудырып тұрған қызметшіні табу, оны жұмыстан босату не оған басқа функцияларды тапсыру. Сонда ғана түпсана бос, пайдасыз ойларға кететін энергияның артық мөлшерде жұмсалуынан, асыра ойлап, қорқынышқа тым берілуден және өткенді еске түсіріп уайымға салынудан босатылады. Бұл біз үшін нені білдіреді? Біз осы әркеттерді өз түпсанамызбен қалай жасай аламыз?

Тура корпорациядағыдай! Біз түпсанамызда не нәрсенің дұрыс болмай жатқанын іздейміз. Теріс тұжырымды табамыз, өйткені барлық проблемаларымыз соның салдарынан болып отыр. Өмірімізде осы жағымсыз ұстанымды санамызға қашан орнатқанымызды анықтаймыз. Осы ұстаным пайда болған оқиғаны, жан азабынан арылу мақсатында, қайта қарастырамыз. Сол кезде түпсана пайдасыз әрекеттер, ойлар мен эмоциялардан босатылады. Сонымен қатар дене де, лас жасушалар мен жағымсыз энергиядан арылып, жаңарып, жасарады да, күш-қуаты артады.

Түп-тамыры болып табылатын оқиғадағы жан ауруын қалай жою керектігін үйренейік. Біз жан ауруын жоюдың бір әдісін зерттеген болатынбыз. Бұл – жан азабы толықтай жойылмайынша және күйіміз эмоциялар шкаласымен өте жоғары деңгейге көтерілмейінше оқиғаны бірнеше рет қарастыру. Ал қазір жан ауруын жоюдың одан да күштірек әдісімен бөлісейін. Кітаптың осы бетін ерекше түрде сақтап қоюыңыз керек, өйткені мен сізді пейнхантингтің жүрегімен таныстырмақпын.

Страница 41