Размер шрифта
-
+

Бақыт жолы - стр. 43

Сегіз жасында әжесінен айырылып, кейін түпсанасында: «Жақын қарым-қатынас қауіпті» деген ұстанымы пайда болған адамды тағы да елестетейік. Қазір ол 30 жаста, әлі де жақын қарым-қатынастан қорқады. Барлық достары оған өзгемен араласу қауіпті емес екенін, қайта керісінше, қарым-қатынас жылы да жарқын сезімдер сыйлайтынын айтады. Бірақ ол бұны қабылдамайды. Сондықтан біз одан жақын адамынан қашан айырылғанын сұраймыз. Я болмаса, қашан біреуге қатты сенім артқанын сұрап білеміз. Немесе: «Жақын қарым-қатынасқа түссеңіз, қандай жамандық болуы мүмкін?» деп сұраймыз. Сонда түпсана өзінің ақымақ тұжырымдарын бірінен соң бірін шығара бастайды да, бір сәтте әжесімен болған оқиға пайда болады. Ол, немересінің бар қателігін, қылығын кешірген, қолдап көмектескен әрі еркелеткен әжесінен айырылудың қаншалықты ауыр тигенін айта бастайды. Байқадыңыз ба, түпсанадағы жақын қарым-қатынастан қорғауға жауапты белгілі бір «қызметші» байланысқа шықты. Ал енді біздің міндет – осы «қызметшіні» қайта сендіру! Бұл үшін не істеу керек?

Біз бұл қызметшіге әженің әлі де тірі екенін сезіндіруіміз керек! Бұл абсурд болып көрінуі мүмкін. Бірақ менің түсіндірмелеріме мұқият ден қойыңыз. Бұл «қызметкер» жәй ғана әжені тірі деп елестеткенде, барлық «қаруын» түсіреді! Ол қарым-қатынас қауіпті деп «ойлауды» доғарады. Тұйық болмай, босаңсып, зиян тигізуін тоқтатады. Яғни қарама-қарсы жынысты адаммен араласа бастайды, өзгенің жан дүниесіне қызығушылық танытады. Ол барлық қисынсыз нанымдарды, көзқарастарды, дене блоктарын, жағымсыз эмоцияларды тастайды, өйткені енді жан ауру жоқ!

Келесі бір нюансты көрейік. Сіздің қызметшіңіз қарсы оқиғаны бірден елестетіп кетпейді! Мұны бірнеше рет жасау керек. Неліктен? Өйткені әжесі қайтыс болғанда, сегіз жасар бала көптеген жағымсыз ұстанымдарды жасаған болатын. Алғашқы минутта ол, енді ойыншық ойнайтын ешкімім жоқ деп ойлаған болар. Келесі минутта біреу әжем сияқты ауырып қалса, оны да осылай жоғалтамын деген тұжырымға келген шығар. Ал кейін, әжеме көбірек көңіл бөлуім керек еді, оның мазасын алып абыржытпауым керек еді, сонда бұл оның ұзағырақ өмір сүруіне әсерін тигізер еді деп ойлаған шығар. Бірнеше күннен кейін, жағымсыз жағдайға тап болған ол, енді қиындықтарын айтып шағымданатын, проблемаларымен бөлісетін ешкімі жоқ екенін түсінеді. Осыдан түсіндіңіз бе, бір оқиғамен байланысы бар өте көп «бағынышты қызметшілер» болады! Сіз олардың әрқайсысымен жұмыс істеуіңіз керек! Сондықтан да түпсанаға жәй ғана «әже тірі деп елестет» деп айтсаңыз, ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Мұны бірнеше рет жасауға тура келеді.

Страница 43