Размер шрифта
-
+

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - стр. 7

Қалай бұлай болды? Міне, осылай.

Шыны керек, мұндай инфляцияда сен ақша таппақ түгіл шығынға ұшырадың. Себебі шотқа салынған 100 000 теңге мынадай инфляцияда өз құнын жоғалтты. 100 000 теңгенің шынай құны жылдың соңында 91 000 теңгеге тең болды. 100 000 теңге (номиналды құны) минус 9% инфляция = 91 000 теңге нақты ақшалай қаражат.

Сенің қолында цифрлық мағынада ақша көлемі сондай болып қалды, яғни қолыңда 100 000 теңге қалғаны түсінікті. Және де пайыз ретінде банк беретін 10 мың теңге, барлығы жүз он мың теңге. Бірақ бұл ақшаға сен жыл басында құны 92 000 теңгеге тең болған тауар мөлшерін ала аласың, сол себепті «нақты» деген сөз қолданылады. Ұғып алдың ба?

Өзінің жеке бизнесін жүргізгісі келетін адамға нақты және номиналды табыстың айырмашылығын түсіне білгенінің маңызы өте зор. Әлемдік стандарт бойынша салық және де қалған шығындардан кейін бизнестің жылдық табысы 10% болған жақсы көрсеткіш болып табылады. Егер де мемлекетте әрдайым инфляция болса, табысты есептегенде оны есепке алып отыру керек. Үлкен инфляция кезінде, мысалы, 20%, номиналды табыс 10% болса да, сенің нақты табысың 10% минусқа кетеді. Яғни бизнес тек тегін ғана жұмыс жасамай, оған қоса шығынға кетеді. Бұл жағдай бизнеске әсер етеді ма? Әлбетте. Егер де инфляциямен сай табыс өсімін қадағаламаса, шығын көбейеді, онда сен банкротқа ұшырайсың, қарызға батасың, және де тағы басқа көптеген зардаптар шегесің.


Нақты дәл табысты есептеу үшін Фишердің формуласы бар, ол былай:



мұнда rp = нақты табыс

rn = номиналды табыс.

i – инфляция.


Қорытынды:

Номиналды табыс пен нақты табысты айыра отырып сен табысыңды алдын ала есептеп отыра аласың. Сенің табысың инфляциядан асқанда ғана, оны өсіп жатыр деуге болады. Егер де сенің табысың инфляцияға тең болса, табыс нольдік белгіде болып есептеледі. Егер де табыс өсімі инфляциядан төмен болса, сенің бизнесің ақталып жатқан жоқ, ол тек шығын әкеліп жатыр деген сөз.



Сұрақтар

1. Нақты табыс дегеніміз не?

2. Айлалы сұрақ. Қалай ойлайсың номиналды және нақты құнның саған тиімді айырмашылығы болу мүмкін бе? Бұл сұраққа келесі есепті шығара отырып жауап бер.


Сен банктен жылына 7% 200 000 теңге, мықты компьютер алып жұмыс істеу үшін, 3 жылға кредит алдың.

Инфляция бірінші жылы 3%, екінші жылы 7%, үшінші жылы 10% құрады.

Сатып алынған тауар тиімді болды ма? Неге?


Есеп:

Сен депозитке жылына 12%-бен 10 000 теңге салдың. Жылына инфляция 7% құрады. Сенің жылдың соңында салынған депозиттен нақты көретін табысың қанша?

Тарау 7. Бюджет. Ол не және не үшін керек?

Көп ақша табу – ерлік, оларды сақтап қалу – даналық, ал дұрыс жұмсау – шеберлік.

Страница 7