Размер шрифта
-
+

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - стр. 2

Неліктен адамдар металдарды және асыл тастарды алмастыру үшін алған? Оларды жеуге немесе киюге болмайды ғой? Біріншіден, металдар еңбек құралдары мен жауларға қарсы қорғаныс құралдарын дайындау үшін қажет болды – металдан жасалған жебелер, найзалар, балық аулайтын ілгектер, тұрмыстық ыдыс-аяқтар ағаштан жасалған құралдарға қарағанда ұзақ қызмет ететін еді. Екіншіден, ежелгі адамдар біздерден кем болған жоқ, әдемі болуға тырысып, әдемі нәрселерді жақсы көрді. Сонымен қатар ежелгі құдайларға терең сенді. Металдардан және асыл тастардан әшекейлерді, қасиетті ыдыстарды, құдайлар бейнелерін жасады. Адамда металдан жасалған әдемі және жоғары сапалы заттардың болуы басқалардың көз алдында бай екендігін көрсетті, және де оған күш пен билік сыйлады. Сондай-ақ, осындай жинақтардың болуы, кез-келген уақытта азық-түлік пен киім-кешекке алмасуға болатын мүмкіндік және де адамдарға болашаққа сенімділік беретін еді.



Неліктен алтынның кішкене бөлшегі бүкіл бизонның құнына тең келуі мімкін еді? Мүмкүн оның әдемі жарқырағанынан болар? Қалай ойлайсың? Бәрі оңай – бизон аулауға және металл өндіруге жұмсалған күш пен еңбек бірдей болды. Яғни, өнімнің құны, осы өнімді алу үшін қанша еңбек жұмсалғанына тең. Өнім неғұрлым қиынырақ және ұзағырақ шығарылған болса, соғұрлым оның бағасы да жоғары болған.

Металдар адамдар өмірінде ең өтімді айырбастау құралы ретінде бекітілді. Металдың құны оның салмағы мен сапасына қарай анықталды. Бұл ыңғайлы болған жоқ, өйткені, біріншіден, алмасу үшін таразыға ие болу керек еді, ал екіншіден, металдардың сапасын түсінбейтін адам жасанды металды нақты деп қабылдауға оңай болды.

Сондықтан металдарға жария таңба – металдың сапасы мен құнын кепілдендіретін белгі қойылып басталды. Таңбасы бар кесек металды біз қазір ақшаны қолданатын мағынада бірінші ақша деп атауға болады. Осындай таңбасы бар кесек метал белгілі бір құндылыққа ие болды. Болжаумен осындай алғашқы ақша, біздің заманымызға дейін 650-ші жылдары қазіргі Түркия аумағында, яғни 2700 жыл бұрын пайда болды.



Сұрақтар

1. Ақша дегеніміз не?

2. Ақша не үшін керек?

3. Алғашқы ақша қайда және қашан пайда болды?

4. Ақшаны не алмастыру мүмкін?

Тарау 2. Ақша құнын не анықтайды? Валюта дегеніміз не?

Ақша – бұл айырбасқа арналған әмбебап тауар, және кез-келген тауар ретінде ақшаның өз құны бар.

Сенің есіңде болар, алғашқы таңба басылған кесек метал ақшалардың құнын сол металлдың өз құны анықтаған. Яғни, ақшаның бағасын оңай анықтауға болатын. Металлдың салмағы бойынша бағасы = тиынның құны.

Уақыт өте келе, ақшаны өндіру құны тиындарда белгіленген нақты өзіндік құнынан қымбатырақ бола бастады. Мысалы, алтын сом өніміне алтын және жұмысына бір жарым сом жұмсалған. Яғни, тиын өзінде белгіленген бағадан көбірек тұратын болды. Адамдар осындай айырмашылықты қолданып, ақшаны металлға қайта балқыта бастады. Ақшаны балқыту құнын тиындарға басқа металлдар косып азайтуға тырысты, бірақ сонда да өндіру құны қымбат болды.

Страница 2