Көттi қысқан бай болар - стр. 2
Сіз – қайдағы жоқ бір дәріс беруші мен жаттықтырұшы зал иесі жеке қаржы туралы бір кітап жазатындай қайдан білсін деуіңіз мүмкін. Ал мен 7 жыл Ұлыбританияда тұрып оқыдым; Өкінішке орай, қаржы ісі бойынша емес. 10 жылдан аса кәсіпкерлікпен, инвестициямен айналысамын. Әр қимылым жаңа білім, тәжірибе мен жаңа таныстыққа толып жатыр. Англияда гольфты жиі ойнайтынмын, сол кезде Exeter қаласында оқып жүріп, осы қаланың инвестиция қорының иесімен таныстым. Оның басқаруындағы капиталы 500 миллион фунттан астам, ал бұл, айтпақшы, аталған салада көп емес.
Қазақстанға қайта оралған соң көптеген, сіз олардың қызметі тұрмақ аттарын да естімеген, брокер, инвестор мен миллионерлермен таныстым. Бұл кітапта өз ойымнан шығарылған ештеңе де жоқ – бәрі баяғыдан ойлап табылған, ал менің ойым – тек ТМД елдерінің қазіргі жағдайына сай, сол бір миллион капиталды қалай жасауға болатын туралы үлкен мақсат пен жиналған тәжірибемен алмасу.. Кітабым сіздің үлкен шыңға шығатын қадамдарыңыздың біріне себепкер болып жатса, мен де сізбен бірге қуанамын. Сондықтан оқып болған соң өз жетістігіңізбен бөлісе отырыңыз. Менің Инстаграм парақшам @realprepod немесе email [email protected].
Бұл кітапты қалай оқу қажет
Егер де сіз қаржы әлемінен бейхабар болып, кәдімгі бизнес пен қарапайым жұмысыңыз болса, кітап дәл сіз үшін. Ал егер де жеке қаржы мәселесінде шебер болсаңыз, бұл кітап сіз үшін өте пайдалы болмас, пайдалы болса – сіз шебер емессіз. Кітаптағы менің негізгі ойым: біз тек адамдармыз, әркімнің өз мамандығы бар, жаңа мамандық іздеп жүрген жоқпыз, сондықтан бұл жерде биржадағы алып-сатарлар үшін ештеңе жоқ. Бұл кітап бір миллион табу мақсатын қойған, шыдамдылық танытып, инвестицияға ісіне жылына 2—3 сағат уақытын бөлуге дайын адамдар үшін. Практика көрсетіп отырғандай, ондаған жылдар ішінде жылына 2 сағаттың өзі жеткілікті.
Кітаптың басылып шыққан нұсқасы болса, қолыңызға маркер мен қалам алып, пайдалы жерлерін белгілеп отырыңыз. Мөлдір бетбелгіні алып, маңызды жерлеріне жабыстырыпқойыңыз, кітаптың шеттеріне жазыңыз, Инстаграмда жариялаңыз да, мені «realprepod» деп белгілеуді ұмытпаңыз. Егер электронды нұсқасы болса скриншот жасаңыз да, сізге пайдалы да маңызды жерлерін жария ете беріңіз, күмән тудырса, қаржы мәселесін білетіндермен, сенетін адамдарыңызбен талқылаңыз. Сұрақтарыңыз болса маған Инстаграмға жазсаңыз болады, міндетті түрде жауап беремін. Аудио кітап форматын таңдасаңыз, онда тек талқылалай аласыз (2—3 жылда бір рет болса да тыңдап тұрыңыз).
Кітапты қарапайым, түсінікті тілмен жеткізуге тырыстым, күрделі терминдер көп емес, ал егер оларды кездессеңіз, түсіндірмелерін осы кітаптың беттерінен немесе Гуглдан таба аласыз. Көптеген тарауларда сіздерге түсінікті болу үшін өзімнің, достарымның, кеңес алған клиенттерім мен студентерімнің өмірінен мысал келтірдім. Және де үй тапсырмаларын кездесесіз, оларды мұқият орындауға кеңес беремін. Олар өте оңай болғанымен, тәртіп пен тұрақтылықты қажет етеді.