Размер шрифта
-
+

Көттi қысқан бай болар - стр. 19

2.7.3. Пәтер сатушының айтылмайтын сырлары

Бір кездерде мен пәтерлер сатумен айналысқанмын. Риэлтор емес, жаңадан тұрғызылған көп қабатты үйлерді сату бөлімін ұйымдастырушысы ретінде. Мен бір де бір пәтерді сата алмадым, ал қол астымдағы менеджерлерім жақсы сатып жатты. Олар сату жағының теріс жақтарын айтпайтын, себебі өздеріне кедергі келеді.

Ол қандай теріс жақтар? Ерте ме кеш пе, әйтеуір салық комитеті келеді. Ол салықты төлемесеңіз, өзіңізге жаман. Айына, мысалы 300$ төлеп басқарушы менеджер жалдасаңыз – ұрлыққа тап боласыз. Осы іспен айналысатын қызметкерлерді таңдауға уақытың кетеді. Көршілер болады, сіздің кішігірім, бірақ қымбат бизнеспен айналысқаныңызға кедергі жасайтын. Тұрғызылған көп-қабатты үйлер ескіріп те кетуі мүмкін. Жылжымайтын мүлік бағасы әлдеқандай бір шыққан заңға байланысты құлдырап кетуі де мүмкін. Қасыңызда қолайсыз нысана тұрғызып жатуы да мүмкін, ол болса сіздің мүлікке де әсер етер. Тағы да сол сияқты басқа факторлар толып жатыр. Оларды қадағалай алмайсыз, ақшаңызға тікелей әсер етеді. Бұлардың бәрін пәтер сатып алардың алдында ойлау керек. Жалға беру оңай емес.

Кеңестік одақ аймақтарында пәтердің құны космос тәрізді жылдам өсіп тұратын. Қайталануы мүмкін бе? Белгісіз. Ал егер де Лондон қаласында тұрсаңыз пәтеріңізді тәулігіне 20$ емес 200$ өткізе алатын едіңіз. Бұл басқа ақша, басқа математика.

Страница 19
Продолжить чтение