Көттi қысқан бай болар - стр. 13
Оқырмандардың да арасында автоны жақсы көрушілер табылар, мен де солардың бірімін. Менде сегіз машинам—оның бірі Porsche Сayman S, екіншісі-Merсedes SLK мен Audi, басқа да ақша жейтін көліктер болған. Олардың болғанына өкінемін деп айта алмаймын, дегенмен кеткен шығындар қынжылтатын. Қандай марка болса да бәрі-бір десеңіз, қарапайым үш-алты айлық табысыңызға келетінін сатып алсаңыз болады.
Неліктен тек үш-алты айлықтық табысқа? Одан да кеміне де болады, айына тапқан табысыңызға қарай. Бір танысым жылына 30—35 мың$ табатын, Қазақстандық өлшемдері бойынша бұл өте керемет табыс. Оған және басқа адамдарға тән нәрсе-олар автокөліктерді өздерінің жылдық табысына қарай сатып алады. Яғни, егер адам бір жылда 30 мың доллар тапса және оның 20 мыңын автокөлікке бөліп тастаса, ол жетіспейтін соманы несиеге алып, 30 мыңға автокөлікті оңай сатып алады деп санайды. Дұрыс-ақ шешім шығар, бірақ инвестиция жағынан емес. Жылына 30 мың$ жинап, оның 20 мың$-на автомобиль алу, ең сорақысы ескі спорткар алу – ақымақтық. Бір танысым солай істеді: менен сол ескі Porsche Сayman S спорткөлігін 20 мың $-ға сатып алды.
Бұл жақсы машина ма? Әрине! Жылдамдығы жоғары, осындай машинаның иесі болу керемет, әрине, бірақта елдің қызғанышын тудыратын: машинаға қоқыс та тасталды, жуғаннан кейін біреулер түкіріп те кететін. Бағасы жоғары болмаса да, оны күтіп ұстау қымбатқа түседі. Бір айдан кейін-ақ досым оған екі мың доллар жұмсады, әрі қарай шығынынан хабардар емеспін. Сонымен, машина керек болса-алу керек, дегенмен ең соңғы ақшаңызға емес. Мәртебе қумаңыз. Кейде айына бір рет адамдар: «О, машинасы мықты! Тамаша машина! Күшті өзгеріпсің! Жарадың!» деп айтады. Болды. Осымен әлеуметтік мақұлдау және әлеуметтік артықшылықтар бітеді. Тек жайлылық, ыңғайлық пен шығындар қалады.
2.1.2. Ақ піл
Ендігі әрекеттеріміз қандай болмақ? Роберт Кийосаки тапқан бір концепция бар: көлік құны сіздің үш айлығыңызға тең болу керек, немесе екіге, бір айлыққа ала алсаңыз тіпті жақсы. Үнді елінің байлары қолданатын «ақ піл» деген бір қулық бар. Біреуді жақтырмасаңыз – оған қымбат ақ піл, альбиносты сыйға тартасыз. Бұл ең қымбат сыйлық – Rolls-Royce немесе құны 500 мың доллардан асатын машина сыйлағанмен тең. Бұл машина, немесе ақ піл, тек қымбат тамақ ішеді, оны күтіп ұстау қымбатқа түседі, көп ақша қажет етеді. Уақыт өте келе, мұндай піл адамда қайыршы етер, өйткені оны сату өте қиын және ол жұмыс та істей алмайды.
2.2. Демалыс
Шығындардың бір көзі – демалыс. Өзіңіз білетіндей, демалудың әртүлді жолдары бар. Шығындардың үлкен бөлігін саяхат құрайды. Инстаграм пайда болғаннан кейін адамдар көбірек саяхаттай бастады десек болады, дәл сол жерге саяхаттары туралы көрсете бастады. Сонымен, демалыс кезеңі – бюджетіңізді едәуір шығынға ұшыраттаын кез, сол себептен оны дұрыстау пайдаланған жөн болар.