Көттi қысқан бай болар - стр. 10
1.8 Іс-әрекеттегі бағдар – жеңіс кілті
Іс-әрекеттегі бағдардың екі түрі бар-қысқамерзімді және ұзақмерзімді. Олар ненібілдіреді? Бұл-сіз осы күнгі қажеттіліктерді қанағаттандырасыз немесе керісінше: болашақ үшін қазіргі кезді құрбан етесіз.
Жай ғана мыал келтірейік. «Сен біреуін таңда: бүгін 10 мың$ немесе он жылдан соң -100 мың $ аласың ба, жоқ 30 жылдан соң- миллион$ ба?» дегенге адамдардың 90% – 30 жылдан соң- миллион$ алу орнына он жылдан соң -100 мың$-ды таңдайды. Қарапайым математика. Миллион 100 мыңға қарағанда көп, 10 мыңға қарағанда тіпті көп. Дегенмен адамдар қазіргі уақыттағы оңай ақшаны таңдайды.
Ол негіз болып қаланып қалған инстинктке байланысты. Нақтылай айтсақ, мидың өзін-өзі сақтауы. Жануарлармен бірдей: тамақ, қорқыныш, секс, тағы басқа өзін-өзі сақтау инстинктіне жауап беретін мидың бір бөлшегі. Ол ата-бабаларымыз-бауырымен жорғалаушылардан келе жатқан өзін-өзі сақтау рефлексі. Қазіргі заманда ол қалай көрінеді? Қысқамерзімді бағыты бар адам – табысы соншалықты көп болмаса да, өзін ақшасы көп адам болғандай жүретіндер.. Қымбат жерлер мен клубтарда уақыт өткізіп, соңғы үлгідегі телефон ұстайды. Ондайларды «табынға» тән бренд пен мода, сән, жанжалдар қызықтырады. Күндері бір күндік, ертеңін ойламайтындар.
1.8.1 Адамдарды манипуляциялау: нарық vs реттегіш
Алайда, көпшілік қауіпті. Америкада реттегіш нарық ойыншыларын манипуляция үшін жазалайды. «Миллиарды» атты сериалын тамашаласаңыздар, Америка прокуратурасы осы жағдайларды қадағалайтынын көресіз. Ірі ойыншы құнды қағаздың нарықта құнсызданғаны туралы өтірік дүрбелең тудыртса немесе бағасын көтеріп, ішкі көздер ақпарат арқылы өсек таратса- АҚШ-тың құнды қағаз бен қорлар бойынша комиссиясының қаһарына ілігеді. Ол үшін адамды түрмеге отырғызып, лицензиясын айырылтуға дейін барады.
Ол неге заңсыз? Адамдар соған үйір. Баяғы «МММ» немесе басқа да қаржы пирамидалары сияқты. Адамдардың көпшілігі осындай ұйымдардың әділдігін растай бастағанда, бәріміз де сене бастаймыз. «МММ» де солай басталған, алайда бір кезеңде жабылып тынды. Болды. Манипуляция деген осы. Батыста бұндай пирамидалар заңсыз болып табылады. Ертең Дональд Трамп: «Мына, мына компаниялардың акциясын сатып алыңдар, оларға қомақты қаражат салдым» десе, не болмақ? Саларын салар, бағасы да өсер. Ал халық ше? Трамп өз ақшасын шығарып алар, ал компания болса құлдырайды. Ол үшін Трампты түрмеге отырғызар. Ал біздің елде бұл іс заңсыз болып саналмайды, сондықтан бұл іспен айналысатындар саны көп.
1.8.2 Қысқамерзімді бағыт алғандардың әдеттері
Қысқамерзімді бағыт алғандардың бір ерекшілігі-сараңдық. Бұрыңғы кеңес одақ кеңістігінде 10%, 100%, 200%,, 500% табыс табуына уәде беретін «Понци сызбалары» әлі күнге дейін бар. Себебі біздің халық оған әлі сенеді. Қысқасы: қысқамерзімді бағыт сізге – жау! Сіз алданып қаласыз! Ақшаңыздан айырыласыз! Соны ескеріңіз. Оған балама – ұзақмерзімді бағыт.