Размер шрифта
-
+

Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім - стр. 6

Біздің өмірімізде де солай болады емес пе? Біз өмірдің қағазы мен сиясына қараймыз: тыныс алу, тамақтану, жұмыс, ұйқы. Біз өмірдің әдеттегі көріністеріне қарап, «бұл өмір» дейміз. Бұл қағаз бен баспа белгілеріне қарап, «бұл кітап» деп айту сияқты. Бірақ біздің өміріміз, кітап сияқты, мағынасы бар және, әрине, өмірдің мақсаты – қағаз бен сияда емес, оның мағынасында екенін бәріміз білеміз.

Біздің өміріміз ең алдымен мағыналы болуы керек. Өміріңіздің сиясы мен қағазын тағы бір рет қараңыз. Бүгін сіз балаларды мектепке жібересіз немесе жұмысқа барасыз, бұл өте жақсы. Қағаз бен сия болмаса, біз кітаптың идеясын білдіре алмас едік, өміріңіздегі күнделікті ұсақ-түйектің белгілі, беткі мағынасынан әрі қарай қарауға тырысыңыз, олардың нақты мазмұнын түсініңіз, әйтпесе сіз өмір бойы мұрныңыздан әрі қарай ешнарсені көрмейтін боласыз. Не істеп жатқаныңыздың нақты мағынасын сезініңіз. Сіз өмірдің мәнімен айналысып жатырсыз ба?

Сіз өз мақсатыңызды жүзеге асыруды үйрену үшін осы дүниеге келдіңіз. Әр адам бұл өмірге босқа келмейді, жоғарыдан миссия жүктеледі, бірақ өкінішке орай көп адам сол миссиясын орындай алмай, жүзеге асыра алмай, өліп кетіп жатады. Тағдыр сіздің миыңызда. Миыңызды қағаз деп елестетіп өз тағдырыңызды өзіңіз жазуға құқыңыз бар. Осыны мақсат қылып алыңыз. Бұл сіздің өмір кітабыңыз.

Осы мақсатты қолданыңыз, өміріңіздің беткі мәнінен тыс, әрі қарай қараңыз және бұрын өмір сүрген өткеннің мәнін қараңыз, болашақ жоспардың мәнін қараңыз. Бәрі бақытты болу туралы айтады бірақ оның мәнісін азы ғана түсінеді, себебі ол абстрактілі ұғым. Осы идея көмегімен ғана сіз өмірдің бүкіл кітабын түсінуге ұмтыласыз. Сіз жалпы өмір кітабына араласа алмайсыз, бірақ өз өміріңіздің кітабы, өзіңіздің миыңызда екенін ұмытпаңыз. Сіз өмірден кішкене ғана мағына тапсаңыз, ол сізді терең мағынаны іздеуге итермелейді. Бұл іздеу ешқашан нәтижесіз болмайды: ол сізді мазалайтын сұрақтарға толығырақ жауап беруге, тереңірек және мағыналы өмірге жетелейді.


Ешкім өз қалауынша өмір сүріп жатқан жоқ

Біреудің ақымақ шешімдер қабылдағанын, алды-артын болжамай әрекет еткенін, босқа жүгіргенін және біртіндеп эмоционалды және психикалық бұзылуға немесе қаржылық күйреуге әкелгенін көрген кезде не айтасыз? Стресс немесе құлдырау болған кезде, сіз бұрылып: Менің бар айтарым: ол өз-өзіне ор қазды, өзі кінәлі, конечно сосын…» деп айтатын адамдар қатарына жатасыз ба? Менің ойымша, біз бәріміз осылай айтамыз, және ең қызығы, біз осыны дұрыс деп санаймыз, өйткені біз өзімізге шұңқыр қазамыз. Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар не үшін болды? Өйткені біз оларды сұрадық. Кейде мұны түсіну өте қиындау болуы мүмкін, бірақ бұл рас.

Страница 6