Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім - стр. 13
Бүгін біраз уақыт бөліп шешім қабылдаңыз: өзіңізді жақын адамдарыңыздан бөлу үшін энергия, ақыл-ой және рухани күш жұмсап, қабырғалар салғыңыз келе ме әлде бірлескен ойлаудың интеллектуалды артерияларын, эмпатияның кең бульварлары мен үнсіз рухани бірлік аллеяларын салғыңыз келе ме, соны шешіңіз. Не салу керектігін шешіп, сіз өзіңіздің өміріңіздің табиғатын анықтайсыз. Бұл сізді ішке кіргізбейтін қабырғалар әлемі немесе шексіз қуанышқа саяхаттауға болатын жолдар әлемі болуы мүмкін. Таңдау тек сізге байланысты.
Тағдыр кінәлі емес
Сіз өзіңізді бақытты санайсыз ба әлде бақытсыз санайсыз ба? Сіздің ойыңызша, сіздің өміріңізде сәттілік көп пе әлде сәтсіздік көп пе? Біздің орындалмаған үміттеріміз бен армандарымыз, сәтсіз үлкен жоспарларымыз туралы ойлаған кезде, адамдар көбінесе тағдыр немесе сәттілік не сәтсіздік деп аталатын нәрсені айыптайды. Бірақ бұл нонсенс (абсурд) емес пе? Кейбіреулер: «Бұл менің бақытты (немесе бақытсыз) жұлдызым» дейді, немесе «Бүгін мен үшін жаңа өмір, жаңа күн, жаңа Мен» керісінше «Тағы да мектеп не жұмыс не отбасы, қашан құтылады екенмін». Біз неге осылай айтамыз? Кемшіліктерімізді, қателіктерімізді, күнәларымызды өзімізден өзіміз жасыру үшін айтамыз. Өзімізді сөзбен алдағымыз келеді, бірақ шынында да біз қалаған өмір болып жатқан жоқ немесе болып жатыр бірақ бәрібір ішкі бостық сезімі, әрдайым бір нәрсе жетіспейтіндей. Есіңізде болсын: Біз санамыздың табиғатына (деңгейіне) байланысты сәттілікке жетеміз немесе сәтсіздікке ұшыраймыз.