Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім - стр. 11
Күрделі жүйемен қалыптасқан, біздің үнемі өзгеріп отыратын өмірде, айналамызда әрекет ететін әр түрлі сыртқы факторлар бар және біз кейде өмірімізді, жағдайымызды осы сыртқы факторлар басқарады деп айқайлағымыз келеді. Алайда ақиқатында, біз сол өмір мен жағдайды өзіміз ұнатып таңдаған едік, салдарынан біз таңдаған нәрсені ғана жасаймыз, себебі өмірдің бәрі таңдау, сәттілік пен сәтсіздікте. Егер біз белгілі бір жолды таңдағымыз келмесе де, ақыр соңында біз оны таңдаймыз, өйткені бұл бізге ең аз ішкі қарсылық көрсететін жол сияқты көрінеді. Біз оңай және жеңіл жолмен жүргіміз келеді, бірақ болашақта бұл бізге қолайсыздық пен қиындық тудыруы мүмкін екенін білсек те. Бізге әрдайым шешім қабылдау керек болады: іскерлік мәселелерде, отбасылық қатынастарда, күнделікті тұрмыс-тіршілік әрекетімен. Бізде әрқашан таңдау қажеттілігі бар, сондықтан да дұрыс таңдау жасай білу өте маңызды.
Бұл өте маңызды: кез-келген кедергіні жеңуге мүмкіндік беретін күш біздің ішімізде екенін түсінген кезде, біз көмекке шақыруды тоқтатамыз. Ішкі «Мен» – мен тыныш сөйлесе бастағанда (ішкі диалог), біз сол ақыл-ой күшінің (ментальды күш) ішкі ресурстарына (мидың азығы ақпарат) бейімделеміз. Бұл күштің құпиясы – мінез-құлқымызды түсіну, біздің ойлау ресурстарымызды (оның қаншалықты құлдық санамен шектелгенін сезіну, шекарасын кеңейту) көбейту. Біз кез-келген нәрсені жасауға, өзіміз қалаған нәрсеге қол жеткізуге, мүмкіндік беретін күш, біздің ішімізде екенін түсіне бастаған кезде ғана, өмірлік сәттілік бізге келеді, бұл біздің өміріміздегі басты жетістігіміз!
Менің ойымша, ұлы адамдар, тарихта қалған адамдар, өздерінің ішінде үлкен күш бар екеніне сенді және сол күш арқылы барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңе білді. Бұл күш кез-келген жағдайдан да, ішкі немесе сыртқы факторладан да мықты. Одан асып түсетін күш жоқ және олар оны қолдана білді және дүниенің жеңімпазы атанды. Менің ойымша, бұл ішкі күшке сенбейтіндер, тек сыртқы күштерге сенетіндер бұл дүниеде бірде-бір үлкен іс жасай алмайды, жануар сияқты келіп, жануар сияқты кетеді.
Мен бұған сенген адамдарды, достары мен туыстары мазақ еткеніне сенімдімін, бәлкім аздап жынды деп ойлаған шығар. Олар мұны бос әурешілік, ақымақтық деп санап, ал өздері әдеттегі, күнделікті өмірдегі диірмен тастарына қайта оралып, өлгенше дейін соны айналдырып, ақыры шаршап, сәтсіздік сезімімен дос болып өмір сүрді. Бірақ олар, өздері бұны сезсе де, білсе де ешкімге білдірген жоқ, өйткені бұл ішкі әлемнің проблемасы. Олардың ойынша осы күнделікті күйбең, мақсатсыз әрекет, жоспарсыз қозқалыс өздерінің ішкі мазасыздығын, уайымын, қорқынышын, жалпы күйзелісін босатады және жеңілдетеді деп санады. Сіз осы адамдардың бірі болғыңыз келе ме немесе ішкі күшіңізді тыңдайсыз ба? Бұл қорқыту емес, ескерту!