Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - стр. 24
Сізге әрдайым жаңа білім қажет. Мен білімнің шегіне жеттім дейтіндер ақымақтық. Өткенннен бас тарту керек деген кезде сеніміңізге қайшы келуі мүмкін. Бірақ ақылды адам əрқашан гауһар үшін көмір кесегін құрбан етуге дайын. Қымбат нәрсені арзан нəрсеге айырбастамаңыз. Бұл қадамды жасауда батылдық танытыңыз, сонда сіз өзін-өзі жетілдіру жолына түсесіз. Өз өмірін өзгерту үшін, ешкімнен де рұқсат сұраудың керегі жоқ. Артық сұрақтар қоймаңыз, сізге таңдау жасау, шешім қабылдау, жоспар құру, әрекет ету жетіп жатыр. Сіз бұл өмірден жанның рухани азығын іздеп табу үшін жеке бостандыққа қол жеткізуіңіз қажет. Ал еркіндік пен бостандықты тек ақиқат бере алады. Міне осы шынайы тəуелсіздік, өзіңді дұрыс түсіну.
СІЗ НЕДЕН БАС ТАРТЫП ЖҮРСІЗ
Өзіңдің неден бас тартып жүргненіңіз жайлы ойланыңыз. Егер сіз өзіңіз туралы шындықты біліп, дұрыс өмір сүруді шынымен шешсеңіз, көптеген адамдар оны ұнатпауы мүмкін, өйткені олар өзінен асып кетуі мүмкін адамнан қорқады. Сіз басқалар кедей өмір сүретіндіктен байлықтан бас тартасыз ба? Сіз миллиондаған адамдар емделмейтін аурулардан зардап шегетіндіктен денсаулығыңыздан бас тартасыз ба? Әрине жоқ, бірақ сіз шын бақытты болудан бас тартасыз, себебі сіздің эгоизміңіз бұл кітапты қабылдағысы келмейді. Өзіңізден бас тартқан нəрсені мұқият ойлаңыз жəне бір нəрсені қалау «жаман» екенін мəңгі ұмытыңыз. Бір нəрсені қалау күнә емес, ақиқатты қаламау қателік.
Өзін-өзі тану жолында біз сөзсіз сүрінеміз. Бірақ қателіктер, сəтсіздіктер, қиындықтар немесе адасулар деп аталатындардың бəрі сіз емес. Дүние үнемі өзгеріп отыратын, уақытша (жалған) жағдайлар екенін түсіну керек, өміріңізде болып жатқан барлық нəрселерден жоғары тұрыңыз, мейлі ол сізді іштей жесе де. Бұл ретте Сіздің Жоғары «Мен» (Құдай) өзгеріссіз қалатынын түсіну өте маңызды. Өткендегі істеген, жасаған амал-әрекеттеріңізге сенбеңіз, сіз одан кешіктіңіз, ол сіздің шынайы болмысыңыз емес, қазірге сеніңіз, себебі бұл сізге беріліп тұрған жаңа мүмкіндіктер.
Сіз спектакльдің (өмір атты ойын) жəне актерлердің (адамдардың) жалған сенімдерін қабылдауға міндетті емессіз. Орта, тағдыр ұсынған рөлді ойнауға да міндетті емессіз. Сіз өз өміріңіздегі рөлді өзіңіз қалыптастыруыңыз керек, дәл өзіңіз армандағандай. Өмір атты ойыннан, ортаның «Құлдық Санасынан» шығыңыз.
Өмір бұл кемені басқару сияқты рульде сіздің орныңызды басқа біреу болмауы керек. Сондықтан орта мен дүниеге, жалған діни түсінікке алданып, арман, мақсаттарыңыздан бас тартпаңыз. Есіңізде болсын: сәтсіздіктің бәрі уақытша.
ЖАЛҒЫЗ БИЛІК – СІЗ ӨЗІҢІЗ