Размер шрифта
-
+

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - стр. 11

Əр қадаммен сіз ғаламның жоғары күшін көбірек сезінесіз жəне шығармашылық қабілеттеріңізді кеңейтесіз. Біз сіздермен жасампаз жаратылыстармыз жəне біздің əлеуетіміз шексіз. Шектеулерді шешу үшін біз бейсанадағы жазылған ақпараттарды, қалыптасқан сенім мен түсінікті ақылмен сұрыптау, іріктеу яғни сортировка жасауымыз керек.

Біз үнемі бір нəрсе жасаймыз, бірақ оны не үшін жасап жатқанымызды көбінесе түсінбейміз. Өзіңіздің шынайы «Мен» -ді жəне ішкі күшті дамыту жолын білу, бізге біртіндеп ойлану процесін бейсанадан ақылға айналдыруға көмектеседі. Бұл біздің жаратылыс деңгейімізге (болмысқа) оралуға себеп болады. Себебі біз дүниеге ең бірінші болу үшін келдік.

Ерікті жасампаздықтың бейсанадан (еріксіз) айырмашылығы, бізге таңдау жасауға мүмкіндік береді. Бейсананың көбінесе таңдауы жоқ, қалай қалыптасты, солай кетті. Еліктеушілік, Тəуелділік пен Құлдық сана арқылы қалыптасса, ол солай қалыптасып кетті деген сөз. Бірақ өзгертуге болады. Біз адамның өз тағдырын таңдайтыны туралы жиі айтамыз жəне естиміз, бірақ іс жүзінде бұл дұрыс емес. Тағдыр Құдайдан емес, өзінен емес, ортадан пайда болады, себебі ол бейсаналы түрде еріксіз қалыптасқан.

Кез-келген адам саналы түрде үйлесімсіз қатынастарды, қаржылық проблемаларды немесе өмірдің басқа да қолайсыз жағдайларын таңдауы екіталай. Көп жағдайда біз қалыптасқан режимде əрекет етеміз, өткен тəжірибеге сүйене отырып, түсінік мен сенім жүйесі арқылы бейсанаға (ішкі дауысқа) сенеміз. Бейсана бәрін жасай алады, бірақ ол сонымен қатар сізге зияндық тигізе де алады. Ол адамды зомби (гипноздалған), эгоист (өзін ғана ойлайтын), хайуаннан еш айырмашылығы жоқ, жаман әдеттің құрбаны қыла алады. Сізді күйзеліс пен неврозға шалдықтыра алады. Теріс, жағымсыз, негативті реакция мен рефлекс қалыптастыра ала алады. Бұған анти әрекет жасауға сіз міндеттісіз.

Ол үшін ақылды іске қосу, ойлану, таңдау жағдайына жету, саналы көзқарасты білдіреді. Егер адам бейсанасына сеніп, еріксіз түрде өмір сүрсе, ол саналы, ерікті шешім қабылдай алмайды, ол автопилотта əрекет етеді. Сіз осылай өсіп, дамып келдіңіз! Автопилотта əрекет ету тек өзін-өзі сақтау инстинктін басшылыққа алуды білдіреді. Бұл сананың «Эгоизм» яғни хайуани бөлігі.

Бейсана біздің əрекеттерімізді басқарады. Сіз өзіңіздің əрекеттеріңізді əдеттегі мінез-құлық үлгілерімен анықтаудан бас тартқан кезде жəне сіз өзіңіздің бейсаналық реакцияларыңыздың құрбаны болуды тоқтатқан кезде ғана саналы, ақылға салынған таңдау жасай аласыз. Осы уақытқа дейін сіз бейсаналық өмірді сүріп келдіңіз, яғни сіз ойладыңыз, сезіндіңіз жəне дұрыс деп санаған жолмен əрекет еттеңіз.

Страница 11