Бақыт жолы - стр. 34
Алдымызда бала тәрбиесі және жанжалдарды шешу туралы бөлек тарау болады.
Ал әзірше, түпсанамыздың негізгі механизмдерін түсінуіміз керек.
Біз «Есте сақтау» векторын талдадық, енді маңыздылығы жағынан кем тұрмайтын соңғысына, «Дене» векторына көшейік.
November 27
1.9 тарау. «Д» ВЕКТОРЫ – пейнхантинг нәтижесінде дене қалай өзгереді?
Бізбен жақсы не жаман нәрсе болғанда, денемізде қандай өзгерістер болатынын қарастырайық.
Адам өміріндегі барлық жанға батар проблемалардың оның сыртқы көрінісіне, келбетіне із қалдыратынын байқаған боларсыз. Мысалы, егер сіз бүкірейген адамды кезіктірсеңіз, онымен сөйлескеннен кейін оның өмірінде көп қысым мен ауыртпалық болғанын, өзін қарыздар сезінетінін және арқа сүйер ешкімі жоқтығын анықтай аласыз. Егер сіз үнемі гайморитпен ауыратын адамды кездестірсеңіз, онымен сөйлескеннен кейін сіз оны бұрын біреу тастап кеткенін, қорғансыз қалғанын, көз жасын тыйып, шағымдарын айта алмай өмір сүргенін байқайсыз. Ал егер сіз қабағын түйіп алған адамды көрсеңіз, оның өмірбаянынан қатал ата-ананы және қолдау мен сүйіспеншіліктің болмағанын біле аласыз.
Қысқасы, біздің денеміз бен бет-әлпетіміз ішкі күйіміздің қандай екенін толығымен көрсетеді. Тәжірибелі пейнхантер уақыт өте келе, адамның жан дүниесін екі секунд ішінде сканерлеу қабілетіне ие болады. Негізі адамның эмоционалдық күйі, өмірінің қаншалықты ауыр өткені және түпсанасындағы негізі ақаулары туралы қорытынды жасай алу үшін, адамның көздеріне, бет бұлшықеттеріне, дене қалпына қарау жеткілікті.
Денедегі өзгерісті пейнхантинг сеансы болып жатқан кезде-ақ байқауға болады. Егер адам бастапқыда ашу эмоциясында болса, сіз оның қабағы түксигенін, көздері қызарғанын, денесі тырысып тұрғанын, қимылдары өткір, дауысының қатты әрі агрессивті екенін байқайсыз. Осы кезде сіз оны эмоциялар шкаласы бойынша көтересіз. Сонда оның жағымсыз ойлары позитивті ойларға, ал бейнелері қараңғыдан жарыққа өзгереді. Бұл оның түрінен де байқалатын болады. Беті ажарланып, көзінің қызарғаны басылады, денесі босаңсып, ал дауысы болса, жұмсақ та сабырлы болады.
Егер сіз пейнхантинг әдістемесімен жұмыс істей бастасаңыз, тағы да қызықты нәрселерді байқайсыз. Мысалы, сіз жан азабымен байланысты бір оқиғамен жұмыс істеп жатқанда, адам кекіруі мүмкін. Немесе жиірек кездесетін жағдай – ол кенеттен есіней бастайды және бұл 10—15 минутқа, кейде одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Кейбіреулер кеудедегі ауырлықты сезіне бастайды, кейінірек бұл сезім жоғары көтеріледі де, адам тамағында тас тұрғандай сезінеді. Басқа біреуде, керісінше, бәрі бас ауруымен басталады, содан кейін бұл ауырсыну төмендейді де, адам аурудың аяғы арқылы кетіп қалғанын сезінеді. Тағы басқаларында кенеттен жиі зәр шығаруы басталады. Енді біреулері болса, сеанста тереңінен жұмыс жасалғаннан кейін, бірнеше күн бойы диареядан қиналады. Әрине, қайғы мен жоғалтқан сәттерді қозғаған болсаңыз, көпшілігі жылайды.